
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының алғашқы екі турынан кейін турнир кестесінің соңында тұр. Команда әзірге ұпай жинай алмай, 36-орынға табан тіреген. «Қайрат» екі ойында бір гол соғып, тоғыз гол жіберіп алды.
Бірінші турда «Қайрат» Португалияның мықты клубы «Спортингке» 1:4 есебімен жол берді. Екінші кездесуде қарсыласы «Реал Мадрд» болып, ойында алматылықтар 0:5 есебімен жеңілді.

Осылайша, Рафаэль Оразбахтин шәкірттері екі турдан кейін ұпай қорын ашпаған жалғыз команда болып қалды.
«Қайрат» енді 21 қазанда Алматыда Кипрдің «Пафосын» қабылдайды. Бұл матч қазақстандық клуб үшін алғашқы ұпайға қол жеткізуге жақсы мүмкіндік болмақ
«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойыны кезінде онлайн трансляция істемей қалды.