Жаңалықтар

Манчестердегі синагогаға шабуыл: қаза тапқандар бар

Манчестердегі синагогаға шабуыл: қаза тапқандар бар / Фото: Peter Byrne/PA Wire/picture alliance

Белгісіз адам Англияның Манчестер қаласындағы синагогаға келушілерді көлікпен қағып, пышақпен шабуыл жасады. Шабуыл Йом-Киппур мерекесі кезінде болған. Екі адам қаза тапты.

Манчестердегі Хитон Парк синагогасының жанында 2 қазан күні таңертең белгісіз ер адам көлікпен адамдарды қағып, кейіннен оларға пышақ ала жүгірген. Бұл туралы қалалық полиция куәгерлерге сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға еврейлердің басты мерекелерінің бірі – Йом-Киппур кезінде болған. Шабуыл нәтижесінде екі адам қаза тапты. Тағы үшеуі ауыр жағдайда. Полиция шабуыл кезінде синагогада «көптеген адамдар» болғанын атап өтті.

Шабуыл жасаған адамда полиция оқ жаудырғаннан кейін қайтыс болған. Полиция оқиға орнын жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру бөлімі жұмыс істегенін хабарлады.

Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер Манчестердегі синагогаға жасалған шабуылдан шошып кеткенін айтты. Оның қасиетті Йом Киппур күнінде болғаны оны «одан да қорқынышты» екенін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін ХАМАС атынан шабуыл ұйымдастырмақ болған адамдардың Берлинде ұсталғанын жазған едік.