Жаңалықтар

Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берді

Боранбаев өтінішін бірден қайтарып алған/фото: kursiv.media

Қайрат Боранбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш білдірді.

Боранбаевқа қатысты іс

Боранбаев 2023 жылдың наурызында 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда үкім апелляция сатысында қайта қаралып, 15 қыркүйекте жаза мерзімі 6 жыл болып өзгерді.

20 қазанда Ақмола облысы Зеренді аудандық соты, бұған дейін 6 жылға сотталып, бас бостандығынан айырылған Қайрат Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Осылайша жазаның өтелмеген бөлігін Боранбаев пробациялық бақылауда жүріп өтейтін болды.

Сотқа қайта жүгінді

Боранбаевтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін Алматының Бостандық ауданы қылмыстық істер жөніндегі соты онлайн форматта қараған. Сот отырысы 2 қазанда өткен.

«Сот отырысы барысында сотталған өз өтінішін қайтарып алды, сол себепті сот оның өтінішін қараусыз қалдырды», – делінген Алматы қалалық соты таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкердің бауыры Мұрат Боранбаев ұсталды