Жаңалықтар

Темірлан Анарбековке көлік сыйлады (видео)

Темірлан Анарбековке Лисан Ли L7 электрокары бұйырды / фото: Kursiv.Media мұрағаты
Темірлан Анарбековке Лисан Li L9 кроссовері бұйырды / фото: Kursiv.Media мұрағаты

Темірлан Анарбековке көлік сыйлады. Көлікте «халықтың атынан» деген жазу бар. Оған Лисан Li L9 кроссовері бұйырып отыр.

«Темірлан бауырым, халықтың атынан бозжорғаны алдыңызға әкеліп қойдық. Біздің компанияның атынан табыстауға рұқсат ет. Халқымызға осындай ұл сыйлаған алтын құрсақты анамыз, қабыл алыңыз», – деді бір компанияның филиал директоры Ержан Сәрсенбаев.

Алматылық «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков күтпеген тосынсыйға қатты қуанғаны байқалды.

«Көріп жатырмын, естіп жатырмын, барлықтарыңызға, қазақ халқына алғысым шексіз. Бүкіл клубтың, команданың көмегімен нәтижеге жеттік деп ойлаймын», – деп ризашылығын білдірді Темірлан Анарбеков.

Айта кететін жай, Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алған соң ота жасалып, ауруханадан шыққан еді. Рафаэль Уразбахтиннің айтуынша, қақпашы әзірге арнайы тіссауыт киіп, жаттығуға келе алады.