
Алматыда ҰҚК шекара қызметінің қатардағы жауынгері қайтыс болды. Ресми ақпаратқа сәйкес, әскери қызметші 5 қазанда Алматы облысында медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде қайтыс болған.
«Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі – менингококцемия», – делінген ақпаратта.
Осы факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Қызметтік тексеріс басталды.
Менингококцемия – менингококк бактериясы (Neisseria meningitidis) қанға түсіп, организмге тарайтын жұқпалы ауру.