
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Павел Дуровпен кездесті. Бұл туралы қала басшысы инстаграмындағы парақшаға жариялады.
«Алматыда AI-зертханасын құру мүмкіндіктерін, техникалық және IT бағыттарында дарынды жастарды даярлайтын мамандандырылған интернат ашу жобасын, сондай-ақ білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жөніндегі бірлескен бастамаларды талқыладық», – деп жазды ол.
Ал Павел Дуров Қазақстанның цифрлық технология саласында зор әлеуетке ие екенін атап өткен. Қазақстандық мәдениеттің жанына жақын екенін және Алматы қаласын ерекше ұнататынын да айтқан.
Telegram негізін қалаушы Дуров Астанада өткен Digital Bridge форумына қатысу үшін келді. Ол Қазақстанда жасанды интеллект зертханасын ашқанын жариялады.