
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров әлеуметтік желіге Алматы облысындағы Көлсай көлінде суға түскен видеосын жариялады. Алайда ол жерде шомылуға тыйым салынған. Осыған қатысты «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қызметтік тексеріс бастағанын хабарлады.
«Көлсай көлдерінде шомылу туристік маршруттың төлқұжатына сәйкес қатаң түрде тыйым салынған. Осы жағдайға байланысты парк басшылығы қызметтік тексеріс бастады. Оның қорытындысы бойынша тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылады», – деп жазылған ұлттық парктің мәлімдемесінде.
Павел Дуров Астанадағы технологиялық форумға қатысу үшін Қазақстанға келген. Ол Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен де кездесіп үлгерген.