
Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық жасаған қылмыскерлерге химиялық кастрация қолдану ережесі өзгерді. Енді сотталған адам бостандыққа шығардан алты ай бұрын жасалады. Денсаулық сақтау министрі тиісті бұйрыққа қол қойды.
Химиялық кастрация жазасын өтеу мерзімі аяқталуға алты ай қалғанда орындалады. Дайындық ретінде түрме әкімшілігі мерзімнің аяқталуына 12 ай қалғанда тиісті құжаттарды жинап, сотқа жолдайды. Сот сот-психиатриялық сараптама тағайындайды — онда сотталған адамның психикалық ауытқуы бар-жоғы және сексуалдық зорлыққа бейімділігі тексеріледі.
Бұл шара 18 жастан асқан, балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасаған адамдарға қолданылады. Шешімді сот қабылдайды және ол бірден күшіне енеді. Процедура сотталған адам жазасын өтеп жатқан мекемеде жасалады. Егер адам пробацияда болса немесе айыппұл төлеуге міндеттелсе, кастрация амбулаториялық психиатриялық көмек көрсететін клиникада жүргізіледі.
Бұл өзгерістер психикалық ауытқуы анықталған, бірақ ол қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын адамдарға қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайларда сот өзге медициналық шараларды алдын ала тағайындай алады.
Бұйрық 2025 жылдың 17 қазанынан бастап күшіне енеді.