Lifestyle

Жиырма шақты түрік жұлдызы есірткі қолданды деген күдікпен ұсталды

Түрік әншісі Хадише Eurovision-2009 ән байқауында / фото: REUTERS/Sergei Karpukhin
Түрік әншісі Хадише Eurovision-2009 ән байқауында / фото: REUTERS/Sergei Karpukhin

Түркияда жиырма шақты эстрада әншісі мен әртісі есірткі қолданды деген күдікпен ұсталды. Олардың арасында әлем сахнасына танымал әнші Хадише мен Ирем Дериджи, сонымен бірге «Сұлтан Сүлеймен» сериалында Михриниса рөлін сомдаған Беррак Түзүнатач да бар. Бұл туралы Hurriyet түрік басылымы хабарлайды.

Түрік баспасөзі таратқан мәліметке қарағанда, Ыстанбұлда есірткі немесе қоздырғыш қолданды деген күдікпен бірнеше адам полицияға түсті. 19 танымал тұлға жандармерия басқармасына жеткізілді. Сол жерде олардың қанын тексереді.

Түркияда есірткіге тыйым салынған. Оны қолданғандар, сақтағандар бес жылға дейін сотталуы мүмкін. Ал есірткі таратқандар үшін 20 жылға дейін түрме жазасы қарастырылған.

Дегенмен оларды қамауға алу туралы орден берілмеген. Ирем Дериджи, Хадише, Демет Эвгар және Дилан Полат сынды жұлдыздар қан тапсырыс, полиция сауалдарына жауап берген соң босатылады.

Hurriyet жандармерияға түскен жұлдыздардың аты-жөнін жариялады. Олар: Бирдже Акалай, Беррак Түзүнатач, Серен Морай Оркан, Демет Эвгар Бабаташ, Дерен Талу, Дерин Талу, Дилан Полат, Дуйгу Озаслан Мутаф, Энгин Полат, Фейза Алтын, Хадише Ачикгез, Ирем Деричи, Каан Йылдырым, Құбылай Ака, Метин Акдүлгер, Озге Озпиринчи, Зейнеп Мерич Арал Кескин және Зийнет Сали.

Олардың бірқатарын Қазақстандағы көрермен «Сұлтан Сүлеймен» сериалы арқылы таниды. Мәселен, Беррак Түзүнатач осы сериалда Михриниса рөлін сомдаған. Ал Демет Эвгар қазір «Бахар» сериалына түсіп жүр. Әнші Хадише 2009 жылы Eurovision ән байқауына қатысып, төртінші орын алған. Бирдже Акалай болса Түркияның сұлулық байқауында көзге түскен.