
7 қазанда Tesla Model 3 және Model Y нұсқаларының арзан Standard көліктерін таныстырды. Компания көпшіліктің қолы жететін электромобиль шығару арқылы сауданы қыздыра түспек. Kursiv.Media жаңа электрокарлардың басты ерекшеліктері мен бағасы, олардың Қазақстанға қашан келетінін анықтап білді.
Model Y Standard пен Model 3 Standard миллиардер Илон Масктің компаниясы ұсынатын ер арзан электромобильдер. Tesla бағаны түсіргенімен, негізгі технологияларды сақтап қалғанын мәлімдеп отыр.

Tesla Model 3 Standard
Компанияның ең көп сатылатын седаны. Бұл модель 2025 жылдың аяғына қарай саудаға түседі. Құрама Штаттардағы бастапты бағасы: 36,990 доллар. Алдыңғы Premium нұсқасынан 5,5 мың долларға арзан арзан. Қосымша опциялармен алсаңыз, (мәселен, 48 см дөңгелектермен) баға 38,630 долларға дейін өседі.
Электромобильдің негізгі көрсеткіштеріне тоқталар болсақ, ол жылдамдығын бір сағатта 225 шақырымға дейін арттыра алады.
Параметрлері | Мәні |
---|---|
Жүріс қашықтығы | 517 км (46 см дөңгелектермен); 488 км (48 см дөңгелектермен) |
Қозғалтқыш | Артқы дөңгелекке қозғалтқыш (RWD), 286 ат күші |
0-97 км/сағ үдеу | 5.8 секунд |
Ең жоғары жылдамдық | 225 км/сағ |
Батарея сыйымдылығы | Шағын LFP (литий-темір-фосфат) батарея |
Қуаттау жылдамдығы | 225 кВт (Supercharger арқылы 15 минутта 273 км қосылады) |
Дизайны Highland үлгісімен жасалған: мейлінше ыңғайлы интерьер, үлкен 60 сантиметрлік сенсорлы экран, дыбыс оқшаулау жақсартылған. Дегенмен Standard нұсқасында алдыңғы шамдары арасында жарық жолақ жоқ. Бұған қоса, төбесі панорамалық шыны емес, медалдан жасалған.
Тағы мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:
- Стандартты Autopilot жүйесі – круиз-бақылау, жолақты ұстау және төтенше жағдайда автоматты тежеу.
- Интерьер: Веган орындықтар (текстиль), алдыңғы орындықтарға ғана жылу барады.
- Қауіпсіздік: 5 жұлдызға ие Euro NCAP рейтингі.
- Tesla Supercharger желісіне қосылған. Қашықтан басқаруға болады. Үнемділік – 113-138 MPGe.

Tesla Model Y Standard
Отбасы үшін қолайлы көлік. Ол да 2025 жылдың аяғында саудаға түседі. Бастапқы бағасы: 39,990 доллар. Premium-нан 5 мың долларға арзан. 48 сантиметрлік дөңгелекпен алсаңыз, 41 мың доллар төлеу керек. Бұл АҚШ-тағы баға екенін ескертеміз.
Көліктің сипаттамасы мен ерекшеліктері жоғарыда баяндалған седан көрсеткіштерімен бірдей десе болады. Алайда Model Y-да екі үлкен жүксалғыш бар.

Қазақстанға қашан жетеді
Tesla-ның Қазақстандағы ресми сатушысы әзірге жоқ. Ол негізінен АҚШ, Еуропа және Қытай нарығында жұмыс істейді. Сондықтан оны елге жеткізу импорт арқылы жүзеге асады.
- Model 3 Standard: АҚШ-та тапсырыс бергендер үшін жеткізу 2025 жылғы желтоқсан – 2026 қаңтар аралығында басталады. Өндіріс енді ғана басталғандықтан, кешігуі де мүмкін.
- Model Y Standard: АҚШ пен Еуропаға 2025 жылғы қараша, желтоқсанда саудаға түседі.
Tesla Қазақстанда ресми сатуды бастаған жоқ. Қазақстан әзірге «серіктес елдер» тізіміне кірмейді. Сондықтан оны елге жеткізу үшін ресми дилер немесе импорттау қажет. Жаңа модельдерді Қазақстанға жеткізу 2026 жылдың бірінші жартысына қарай мүмкін. Өйткені Tesla Орталық Азияға (Қазақстан, Өзбекстан) экспортты кеңейткісі келеді.
Импорт және елдегі баға
Бірақ оны Қытайдан (Gigafactory Shanghai) импорттауға да болады. Көрші елден алдырсаңыз, Алматыға 10 күнде жетеді. Қытай нарығында Model Y Standard бағасы қазір шамамен 39 мың доллардан басталады. Қазақстандағы импорттаушылар осы модельді ұсынады.
Ал енді Еуропадан, АҚШ-тан импорттағыңыз келсе, 1-2 ай күтуге тура келеді. Бірақ кеден, тасымал секілді қосымша шығындар шамамен 20-30%-ға көбеуі мүмкін.
Жаңа көліктер Қазақстанда шамамен 20-25 млн теңгеден саудалануы ғажап емес. Өйткені бағаға кеден, тасымал шығындары (20-40%) қосылады.
Былтыр Маск арзан көліктердің бағасы 30 мың доллардан төмен болады деген. Бірақ содан бері АҚШ-та баға шамамен 7500 долларға көтерілгені мәлім.