Жаңалықтар

Қазақстандықтар пойыз билеттерін 40%-ға дейін жеңілдікпен сатып ала алады

Пойыз билеттерінің жеңілдік мерзімі 11 желтоқсанға дейін жалғасады /Коллаж: kursiv.media

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне маусымдық жеңілдіктер мерзімін ұзартты. Енді жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.

Алайда билеттер саны шектеулі. Жеңілдіктер дүйсенбіден бейсенбі аралығында 7 бағыт бойынша жүретін пойыздарға жарамды:

  • «Астана – Алматы» бағыты бойынша ерте билет сатып алғанда отырғызатын орындарға 40%-ға дейін жеңілдік;
  • «Астана – Жезқазған» – купеге 25% жеңілдік;
  • «Астана – Өскемен» – жоғарғы сөрелерге 30% жеңілдік;
  • «Алматы – Маңғыстау» – купедегі жоғарғы сөрелерге 25% жеңілдік;
  • «Алматы – Өскемен» – жоғарғы сөрелерге 30% жеңілдік;
  • «Атырау – Ақтөбе» – купеге 20% жеңілдік;
  • «Алматы – Шымкент» – күн сайын жүретін пойызға 25% жеңілдік.

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзалдағы билет кассаларынан алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалуға болады.

Еске салайық, осыған дейін Астана мен Бурабай арасында электр пойызы қатынай бастаған болатын.