
Қазақстан тестостероны ең жоғары азаматтар Қызылорда облысында тұрады. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.
Қай өңірде тестостерон жоғары?
Басылымның жазуынша, рейтингтің көшбасшысы Қызылорда, өңірде тестостеронның орташа деңгейі 5,45 нг/мл құраған. Екінші орында – Қостанай (5,07), үшінші орында – Ақтөбе (4,89), төртінші орында – Астана (4,89), бесінші орында – Ақтау (4,88).
Жалпы ел бойынша тестостеронның орташа деңгейі 4,57 нг/мл құраған. Елдегі ең төменгі көрсеткіш Таразда тіркелген – 3,54 нг/мл.
Тестостерон неліктен маңызды?
Тестостерон деңгейі ерлер денсаулығының маңызды белгісі. Оның жоғары болуы физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану, дұрыс ұйықтау, жаман әдеттерден бас тартуға және психиканың жайлы болуына байланысты.Бұл гормоналды тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.
Керісінше, созылмалы стресс, бір орында отырып жұмыс істеу және ұйқысыздық тестостерон деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.