Атырауға инвестиция азайып, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында көбейді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
инвестиция
shutterstock.com

Қазақстанда экономикалық өсімге негізінен өнеркәсіп, сауда және көлік қызметтері үлес қосты. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әлібек Әмрин мәлімдеді.

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға өсіп, 13,8 трлн теңгеге жеткен. Соның ішінде жеке инвестициялар 7,8%-ға артқан.

Салалар бойынша:

  • Қаржы қызметіне инвестициялар – 2 есеге,
  • білім беруге – 1,8 есеге,
  • өңдеу өнеркәсібіне – 30,7%-ға,
  • ауыл шаруашылығына – 21,1%-ға,
  • көлік қызметтеріне – 14,8%-ға ұлғайған.

Ең жоғары инвестициялық өсім Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында тіркелді. Ал инвестициялар төмендеген өңір – Атырау облысы.

Бұдан бөлек, сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылдың қаңтар–тамыз айларында 90,1 млрд долларды құрады.

Экспорт – 50,2 млрд доллар, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты — 18,1 млрд доллар, ал импорт – 40,1 млрд доллар.

Сондай-ақ оқыңыз