Жаңалықтар

Қазақтар атау таңдап жатса, өзбектер АЭС құрылысын бастап кетті

Фото: shutterstock
Фото: shutterstock

Өзбекстан алғашқы Атом электр станциясы (АЭС) құрылысын бастады. Бұл туралы «Өзатом» агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әзірге Жизақ облысы Фориш ауданында реактор орналасатын терең шұңқыр қазылып жатыр. 2026 жылғы наурызда ол жерге бетон құйылады. Ал шағын атом станциясының алғашқы реакторы 2029 жылы іске қосылады. Станция құрылысы 2035 жылы толық аяқталуы тиіс.

Өзбекстанда алғашқы АЭС құрылысы басталып кетті / фото: "Өзатом"
Өзбекстанда алғашқы АЭС құрылысы басталып кетті / фото: UzAtom

Алғашқы АЭС Өзбекстанның орталық өңірлерін – Жизақ, Самарқанд және Навои облыстарын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Оны салатын «Росатом» басшысы Алексей Лихачев атом станциясын «100 жылдың жобасы» деп атаған.

Фото: UzAtom
Фото: UzAtom

Жизақтағы шағын АЭС-кке РИТМ-200Н су ядролық реакторы орнатылады. Әдетте оны атом мұзжарғыштарында қолданылады. Осы уақытқа дейін мұндай реактормен құрлықта атом электр станциясы салынбаған. Айта кетейік, Жизақтағы дәл осы жерге шағын ғана емес, үлкен АЭС түседі.

Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын да «Росатом» салады. Алматы облысындағы Үлкен ауылы маңына түсетін атом станциясының құрылысы әлі басталған жоқ. Жергілікті тұрғындар әзірге оның атауын ғана таңдап жатыр.