
Apple басшысы Тим Кук қытайлық Douyin әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шығып, iPhone Air сатылымы басталғанын жариялады. Стримде жаңа модельдегі жаңа қызметтер туралы айтып түсіндірді.
Бұл қадам Apple үшін Қытай нарығы қаншалықты маңызды екенінің белгісі дейді сарапшылар.
Лайв-стрим форматы – Қытайдағы негізгі сату каналы. CNNIC есебінше, 2024 жылдың желтоқсанында live-стримдерді 833 млн адам көрген. Бұл елдегі барлық интернет қолданушының 75,2%-ы. Тікелей эфирге шыққанда бірнеше сағат ішінде миллион долларға дейін сауда жасайтын кейстер бар.
iPhone Air Қытайда ресми түрде 22 қазанда сатылымға шығады. Ал 17 қазаннан бастап алдын-ала тапсырыс беруге болады. Негізі смартфондарды бұдан ертерек сатылуы керек еді. Бірақ онда тек eSIM орнатылғаны үшін нарыққа кіру кешікті.
Жаңа iPhone Air Apple тарихындағы ең жұқа смартфон деп есептеледі. Оның қалыңдыңы небәрі – 5,5 мм.