Lifestyle

«Рэкетир» жұлдыздары Саят Исембаев пен Мұрат Бисенбин жаңа жобада бірге ойнайды

Саят Исембаев пен Мұрат Бисенбин жаңа жобада бірге ойнайды / фото: instagram

Актер Саят Исембаев әріптесі Мұрат Бисенбинмен бірге жаңа жобада түскенін хабарлады. Бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

«Мұрат екеуміз жаңа жобаға түстік. Жуырда барлық кинотеатрда көрсетіледі», — деп бөлісті актер.

Саят Исембаев пен Мұрат Бисенбин көрерменге кеңінен танылған «Рэкетир» фильміндегі рөлдері арқылы танымал болған. Желі қолданушылары актерлердің қайта бір жобада бас қосқанын жылы қабылдап, пікірлер жазып жатыр.

«Екеуін бірге көру қуантады», «Мұратқа саулық тілейміз, жаңа жоба сәтті болсын», – деп жазды жанкүйерлер.

Еске сала кетейік, өткен жылы күзде Мұрат Бисенбинге қатерлі ісік диагнозы қойылып, Саят Исембаев әріптесінің еміне қаражат қажет екенін айтып, жұрттан көмек сұраған болатын.