Жаңалықтар

«Қайрат» пен «Пафос» тартысты ойында тең тарқасты

Қайрaт пен Пафос тең тарқасты / фото: fckairat

21 қазан күні Алматыда өткен Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі тартысты матчта «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» командалары 0:0 есебімен тең түсті.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ матч тартысты болды. 4-минутта қонақтардың ойыншысы Араухо Корреа алаңнан қуылып, «Пафос» бір ойыншымен кем ойнады. Соған қарамастан, кипрлік команда қорғаныста сауатты ойнап, қарсы шабуылдармен қауіп төндіріп отырды.

Екінші таймда «Пафос» есеп ашқандай болды. Доп «Қайрат» қақпасына кіргенімен, VAR жүйесі офсайдты тіркеп, гол есептелмеді.

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққыларды қайтара отырып, қақпасын құрғақ сақтап қалды. Айта кетейік, Анарбеков жақында ғана ауыр жарақатынан айығып алаңға оралған еді.