2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады – министр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
2027 жылдың соңына қарай елдегі ауылдардың 99%-ы интернетпен қамтамасыз етіледі
Интернеттің орташа жылдамдығы 94 Мбит/с деңгейіне жетті / Фото: kursiv.media архиві

2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады. Ал оптикалық байланыс елді мекендердің 90%-ына дейін тартылады. Мұндай мәлімдемені Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Мәдиевтің айтуынша, соңғы үш жылда телекоммуникация саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталған. Бүгінде 20 миллионнан астам мобильді абонент және 3,7 млн тіркелген пайдаланушы байланыс қызметтерін қолдануда. Сондай-ақ министр интернеттің орташа жылдамдығы 94 Мбит/с деңгейіне жеткенін айтады.

«Саланы дамыту 2024-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында іске асырылуда. 2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады. Интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-тан асып, оптикалық байланыс желілері ауылдық елді мекендердің 90%-ына дейін тартылады», – деді министр Үкімет отырысы барысында.

Министрліктің мәліметінше қазіргі уақытта 2600 ауылға оптикалық интернет тартылғанын атап өтті. Қалған 3039 ауылға 2027 жылдың соңына дейін кабель арқылы оптикалық интернет барады.

Сондай-ақ оқыңыз