
Ақтөбеде 6 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша сотқа тартылған айыпталушылар ақша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына пара ретінде көзделгенін мәлімдеді.
Даулы мәлімдеме
Ақтөбе қалалық соты «Ту-Ха мұнай-технологиялық қызмет көрсету компаниясы» ЖШС директорының орынбасары мен бас есепшіге, сондай-ақ олардың үш сыбайласына үкім шығарды.
Тергеу нұсқасы бойынша, айыпталушылар 2007-2021 жылдар аралығында кәсіпорыннан 6 116 310 603 теңгені жымқырған.
Сотта оларқаражат мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына заңсыз сыйақы ретінде берілгенін айтқан. Алайда сот мұндай уәжді қылмыстық жауапкершіліктен жалтару тәсілі деп бағалады.
Сот талқылауы барысында айыптау және қорғау тараптарының дәлелдері зерттелді. Ұрлық пен заңсыз жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері куәлердің айғақтарынан бөлек, қаржылық құжаттар мен сараптама қорытындыларымен дәлелденген
Сот үкімі
Айыпталушылар ұрланған қаражатқа қымбат жылжымайтын мүліктер сатып алғаны анықталды: әртүрлі аймақтағы 16 пәтер, 8 жер учаскесі, 3 коммерциялық нысан, «Ақтөбе, Ю. Принцесса Сабина» деп аталатын кәсіпорын, 4 автокөлік және ақшалай қаражат.
Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен «Ту-Ха мұнай-технологиялық қызмет көрсету компаниясы» ЖШС-нің бухгалтері мен осы серіктестіктің бас директорының орынбасары 8 жылға бас бостандығынан айырылды.