Жаңалықтар

Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама келді

Жер сілкінісі қаупін ескертетін дабыл құрылғысы / фото: shutterstock
Жер сілкінісі қаупін ескертетін дабыл құрылғысы / фото: shutterstock

Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС алдын ала ақпараты бойынша бүгін, 23 қазан күні, сағат 12:22 де Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан 136 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.

Мамандар тұрғындардан тыныштық сақтап, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.

Бұған дейін, Алматы тұрғындарына 21 қыркүейек күні де жер сілкінісі туралы президенттік хабарлама келген. Ол кезде де дүмпу сезілмеген еді.