Lifestyle

Тамара Асар «Халық әртісі» атағын алды

Тамара Асар «Халық әртісі» атағын алды / фото: instagram

Танымал әнші, мәдениет қайраткері Тамара Асар «Қазақстанның халық әртісі» атағын алды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тамара Асар қазақ эстрадасының жарқын тұлғаларының бірі. Ұлттық нақышты заманауи ырғақтармен үйлестіре отырып, тыңдарманның жүрегінен орын алған көптеген әндердің орындаушысы. Сондай-ақ өзінің қайсар мінезі мен өмірлік ұстанымымен талай жанға үлгі болып келеді.

2014 жылы «Құрмет» орденімен, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Тамара Асарға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген еді.

Сонымен қатар биыл»халық әртісі» атағына музыка, театр және кино саласында ерекше үлес қосқан бірнеше өнер майталмандары лайық деп танылған. Олардың қатарында Болат Әбділманов, Меруерт Өтекешова, Айтқали Жайымов, Шынар Жанысбекова, Б. Ибраев, К. Қазақбаева және Р. Машурова бар.