Жаңалықтар

Шетелдіктер Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған – ҰҚК

Бес адам қамауға алынды/фото: shutterstock, бильд-редаткор Ахтам Зиперов

Шетелдіктер Алматыда теракт ұйымдастырмақ болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

«2025 жылдың қыркүйегінде комитет Алматы қаласында 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды. Бәрі қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.

«Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, жыл басынан осындай қылмыс үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде алты адам – шетел азаматы.

❗️Террорлық актінің алдын алу туралы || О предотвращении террористического акта