
28 қазаннан бастап Amazon компаниясы 30 мың адамды қысқартуға кірісті. Бұл туралы Reuters жазды. Жыл басынан бері технологиялық компаниялар шамамен 130 мың адамды жұмыстан шығарып үлгерген. Америкада жұмыс азайып барады.
Миллиардер Джефф Безос негізін қалаған Amazon-да барлығы 1,55 млн адам жұмыс істейді. Мәліметтерге қарағанда, болашақта соның шамамен 15%-ы қысқаруы мүмкін. Технологиялық компания шығынды азайту көздейді. Соған байланысты ол жаппай қысқартуды 2022 жылы қолға алған.
Reuters дереккөзінің айтуынша, сейсенбіден бастап компаниядағы HR, операциялық бөлім, сонымен бірге web services-тегілер қысқарады. Олар жұмыстан шыққан электронды хаттан біледі.
Amazon бас директоры Энди Джасси менеджерлерді де қысқартуды көздеп отыр. Оның пікірінше, компанияны бюрократия жайлады.
Құрама Штаттардағы қысқартуларды есептеумен айналысатын Layoffs.fyi порталының мәліметінше, 2025 жылы осы елдегі технологиялық компаниялар шамамен 130 мың адамды жұмыстан шығарып үлгерді. Бұған қоса, кезінде миллиардер Илон Маск басқарған DOGE мекемесі 72 мың адамды қысқартқан. Биыл барлығы 182 мың федералдық қызметкен жұмыстан шығып қалған.
Мәліметтерге қарағанда, 2025 жылдың басынан бері АҚШ-та шетелдік еңбек мигранттарының саны 1,2 млн адамға кеміді. Бұған жаппай қысқартулар ғана емес, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің көші-қон саясаты да әсер етті.
 
                                                             
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                    