
Айкерім Қалаубаеваның биі әлеуметтік желілерді жарып жатыр. Ерекше би қазақстандықтарды ғана емес, шетелдіктерді де еліктірген.
«Жүрек неге жылайды?» деген жаңа әні нағыз трендке айналды. Қазірдің өзінде әншінің Тік-Ток-тағы видеосы ондаған миллион қаралым жинаған. Ал YouTub-те бейнебаян 4 млн-нан астам рет қаралған.
Айкерім Қалаубаеваның қимыл-қозғалысын қайталап, түрлі мамандық иелері, жастар, тіпті, сәбилер де флешмоб түсіріп жатыр.
Тіпті, осы әннің ырғағына Латын Америкасы, Үндістан және өзге елдердің де бишілері билеп, әлеуметтік желілерге видеоларын жүктеуде.
Мұның алдында Айкерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжановпен арақатынасы туралы жасырмай айтып берген еді.