
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде көктайғақ пен боран болады. Ал елдің оңтүстігі мен батысында тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Метеорологиялық қызметтің ресми сайтында 3 қараша, дүйсенбі күнгі ауа райы болжамы жарияланды.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр мен қар жауады, күндіз көктайғақ, күндіз екпіні 15–20 м/с болатын жел соғады. Түнде ауа температурасы –1…+1°C, күндіз +2…+4°C.
Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз, жел екпіні 3–8 м/с. Температура: түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C болады.
Шымкентте жаңбыр жауып, ауа райы құбылмалы болмақ, жел екпіні 8–13 м/с.
Температура: түнде +4…+6°C, күндіз +13…+15°C жылы.
Ақтауда ауа райы жауын-шашынсыз, 9–14 м/с жел, түнде +7…+9°C, күндіз +12…+14°C.
Ал Ақтөбеде аптаның алғашқы күні жаңбыр мен қар жауады, жел 6–11 м/с. Түнде температура –1…+1°C, күндіз +3…+5°C.
Атырауда күн құбылмалы болғанымен, жауын-шашын болмайды, жел екіпіні 7–12 м/с.
Түнде ауа температурасы +3…+5°C, күндіз +7…+9°C.
Орталық өңір Жезқазған мен Қарағандыда күн құбылмалы болып, жаңбыр мен қар жауады. 7–12 м/с жел соғады. Түнде сынап бағаны +2…+4°C, күндіз +5…+7°C. Ал Қарағандыда түнде 0…–2°C дейін суытады, күндіз +6…+8°C.
Көкшетауда жаңбыр мен қар жауып, арты көктайғақ, боран болады деп болжанып отыр. Желдің екпіні күндіз 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде және күндіз температура: –1…+1°C.
Қонаев қаласында ауа райы жауын-шашынсыз, температура түнде +1…+3°C, күндіз +15…+17°C.
Солтүстік өңір Қостанайда күн бұлтты, қар жауып, боран болады деп күтіледі, сондай-ақ көктайғақ. Жел 9–14, екпіні 15–20 м/с жетеді. Түнде және күндіз сынап бағаны –2…–4°C дейін түседі.
Қызылорда да күн бұлтты, жаңбыр, жел 9–14 м/с. Бірақ түнде ауа райы +3…+5°C, күндіз +10…+12°C.
Павлодарда да күн бұлтты болып, жаңбыр мен қар жауады. Температура: түнде 0…+2°C, күндіз +5…+7°C болмақ.
Күн бұлттанып, қар, боран соғатын тағы бір өңір Петропавл. Бұл өңірде жел екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз –2…–4°C.
Елдің шығыс өңірі Семейде күн бұлтты, жаңбыр жауып, күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады. Температура: түнде +1…+3°C, күндіз +6…+8°C.
Талдықорғанда күн құбылмалы, алайда ауа райы жауын-шашынсыз, 5–10 м/с жел болады.
Бірақ түнде температура –1…–3°C дейін түсіп, күндіз +16…+18°C.
Таразда кей жерлерде жаңбыр жауып, жел 9–14 м/с болуы мүмкін. Түнде сынап бағанасы +5…+7°C жылылықты көрсетіп, күндіз +15…+17°C болады.
Түркістанда да күн жылы, жауын-шашынсыз, жел екпіні 8–13 м/с. Температура түнде +4…+6°C, күндіз +13…+15°C.
Оралда күн райы құбылмалы, бірақ жауын-шашынсыз болады. Таңертең тұман түсіп, жел екіпіні 9–14 м/с болады деп күтіледі. Түнде ауа температурасы –1…+1°C болса, күндіз +4…+6°C.
Өскеменде күн бұлтты, жаңбырлы болады, желдің күндіз екпіні 15–20 м/с.
Температура: түнде +1…+3°C, күндіз +8…+10°C.
Бір күн бұрын, 2 қарашада елдің басым бөлігінде ауа райы салқындады. Күндіз температура 0-ден +5°С-қа дейін төмендеп, солтүстік пен орталық аймақтарда қысқы ызғар сезілді.