Жаңалықтар

Шу облысында ер адам жанжал кезінде әйелін атып өлтірді

Ішкі істер бөліміне Бала-Айылчы ауылында әйелдің өлтірілгені туралы хабар түскен / фото: shutterstock
Ішкі істер бөліміне Бала-Айылчы ауылында әйелдің өлтірілгені туралы хабар түскен / фото: shutterstock

Шу облысының Бала-Айылчы ауылында ер адам мас күйінде өз жұбайын атып тастаған. Бұл туралы Қырғызстанның өңірлік ІІБ хабарлаған.

Kaktus.media ақпаратына қарағанда, 1 қараша күні Мәскеу ауданының ішкі істер бөліміне Бала-Айылчы ауылында әйелдің өлтірілгені туралы хабар түскен.

Оқиға орнына жеткен милиция қызметкерлері 1962 жылы туған Э.С. есімді ер адам отбасылық жанжал кезінде мас болғанын анықтады. Ол аңшы мылтығын алып, 1976 жылы туған жұбайына оқ атқан. Әйел оқиға орнында көз жұмған.

Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 122-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Мәскеу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Мұның алдында Жамбыл облысында полицей өзін-өзі атып өлтіргені туралы жазған едік.