Жаңалықтар

Ер адам алимент үшін әйелі мен екі жасар қызын өлтіріп тастады

Ер адам асүй пышағын алып, әйеліне және 2023 жылы туған екі жасар қызына жарақат салған / фото: KursivMedia мұрағаты
Ер адам асүй пышағын алып, әйеліне және 2023 жылы туған екі жасар қызына жарақат салған / фото: KursivMedia мұрағаты

Ферғанада ер адам алиментке байланысты жанжал кезінде әйелін және екі жасар қызын өлтіріп тастаған.

Kun.uz ақпаратына қарағанда, бас прокурордың өкілі Хаёт Шамсуддинов бұл ақпаратты растады.

Қайғылы оқиға 3 қараша күні Өзбекстан ауданы аумағында болған. Әйел мен оның кішкентай қызы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. 34 жастағы ер адам оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталды.

Тергеу мәліметінше, «Нурсух» махалласының 34 жастағы тұрғын 1998 жылы туған жұбайымен алимент төлеміне байланысты ұрысып қалған. Жанжал кезінде ер адам асүй пышағын алып, әйеліне және екі жасар қызына жарақат салған.

Ауыр жарақат алған ана мен бала ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер екеуін де аман алып қала алмаған.

Бас прокурордың баспасөз хатшысының айтуынша, ер адамға қатысты екі немесе одан да көп адамды қасақана өлтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 97-бабы бойынша іс қозғалған.

Қазақстанда алимент төлейтіндердің ішінде әйелдер де бар екені туралы жазған едік.