
Қазақстан мектептерінде жаңа тәртіп күшіне енді. Енді оқушы сабақ кезінде смартфон ұстаса, ата-анасы жауап береді. Бұл туралы Сенат кулуарында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлімдеді.
Оның айтуынша, оқушыларға оқу процесінде ұялы телефон қолдануға тыйым салынған, ал осы талаптың орындалуына ата-аналар жауапты.
«Егер бала сабақта смартфонмен ұсталып қалса, алдымен ата-анасына ескерту жасалады. Ал бұл жағдай қайталанса, олар 5 АЕК көлемінде – 19 660 теңге айыппұл төлейді. Заң қазірдің өзінде күшінде, бірақ әзірге ешқандай бұзушылық тіркелген жоқ», – деді Мелдебекова.
Мелдебекованың сөзінше, мектептер енді оқушылардың ережені бұзу фактілерін тіркеп, уәкілетті органдарға хабарлай алады.
Айта кетейік, бұдан бұрын 2026 жылға қарай Қазақстанда мектеп бағдарламасына жүзу сабақтарын енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылатынын жазғанбыз.