Жаңалықтар

Қазақстанның 8 өңіріндегі тасжолдарда көктайғақ болады

Елдегі 8 облыста қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде / Фото: Polisia.kz

«ҚазАвтоЖол» 8 облыстағы тасжолдарда көктайғақ болатынын мәлімдеп, көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.

Бүгін, 6 қарашада Ақмола, СҚО, ШҚО, Қостанай, Жетісу, Қарағанды, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтілуде. 

«Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады«, –делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қазгидромет» 6 қарашада елдің бірнеше өңірінде күн суытып, қар аралас жаңбыр жауатынын мәлімдеген болатын.