Lifestyle

Say Mo мен LOBODA бірге бейнебаян түсірді

Say Mo & Loboda бейнебаяны шықты/фото: видеодан скриншот

Ресейлік LOBODA (Светлана Лобода) мен қазақстандық әнші Say Mo (Мөлдір Есембек) жаңа бейнебаян шығарды. «One Night» трегіне бейнебаянды қазақстандық топ түсірген.

Сондай-ақ туындыдан Jamal&Ganja ретінде белгілі қос продюсердің қолтаңбасын бірден тануға болады.

LOBODA, SAY MO & JAMAL & GANJA - ONE NIGHT | ПРЕМЬЕРА КЛИПА

Бейнебаянды SHULAMAH және SHEKER жобалары арқылы танымал Айтөре Жолдасқали түсірген.

Бұған дейін Say Mo-ның Қазақстан мен Өзбекстанды аралап, концерт беретіні айтылды.