
10 қараша күні сағат 10:45-те Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «112» пультіне Тараз қаласы, Төле би даңғылында газ қондырғысы орнатылған автокөліктің өртенгені туралы хабар түсті.
Оқиға орнына ТЖД-ның жедел әрекет ету бөлімшелері дереу жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау сағат 10:56-да толық сөндірілді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға қалалық әкімдік ғимаратының маңында болған. Оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр.