Жаңалықтар

Темірлан Анарбековтың қолы қойылған доп аукционда 12 млн теңгеге сатылды

Қақпашы Темірлан Анарбеков Милан Интер Қайрат
Қақпашы Темірлан Анарбеков Миланда / фото: «Қайрат» ФК

«Асар-Уме» қайырымдылық қоры ұйымдастырған аукционда «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтың қолы қойылған доп саудаға шығарылды. Атыраулық кәсіпкер допты 12 млн теңгеге сатып алды.

Түскен қаражатқа қор бір отбасыға жаңа баспана сыйлады.

Еске сала кетейік, «Қайрат» футбол клубының 21 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбеков биылғы маусымда керемет өнер көрсетіп, жанкүйерлердің ықыласына бөленді.