
Бельгия құрамасының және мадридтік «Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуа жарақатына байланысты Қазақстан құрамасына қарсы ойынға қатыспайтын болды.
«Реалдың» баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық тексеріс нәтижесінде қақпашының оң аяғындағы бұлшық еті жарақаттанғаны анықталған. Дәрігерлер оның жағдайын алдағы күндері бақылауда ұстайды.
Осыған байланысты Тибо Куртуа Бельгия құрамасына қосылып, әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанмен (15 қараша) және Лихтенштейнмен (18 қараша) өтетін матчтарға қатыспайды.
Айта кетейік, қыркүйек айында «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесуден кейін Куртуа жас қазақстандық қақпашы Шерхан Қалмұрзаны қолдап, онымен жейде алмастырған еді. Сондай-ақ бельгиялық ойыншы бұл сәттің суретін өзінің Instagram парақшасында жариялады. Осы жазбадан кейін Шерханның әлеуметтік желідегі танымалдығы да арта түскен.