Жаңалықтар

Мәскеу көшелерінде Қазақстанның туы көтерілді

фото: РИА Новости

Мәскеу қаласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына ерекше дайындықпен кірісті. Қала көшелерінде Қазақстан мен Ресейдің тулары қатар ілінді. Әсіресе Ленин даңғылы бойында, қала орталығына қарай және «Октябрьская» метро станциясына дейінгі аралық екі елдің достығын бейнелейтін ту жұптарымен безендірілді.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары ресми түрде басталды. Сапар барысында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Орал қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысады.

Сапар аясында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды құжаттарға қол қойылмақ.