
Ғалымдар Адольф Гитлердің ДНҚ-сын зерттеп, оның бойында қандай аурулар болғанын анықтады. Бұл туралы арнайы фильмді британдық Channel 4 арнасы жарыққа шығарады.
The Times ақпаратына сүйенетін болсақ, фюрердің ДНҚ-сын алу үшін ол қолданған диван матасы пайдаланылған. Зерттеу нәтижелері әлі ғылыми журналдарда жария болған жоқ. Дегенмен газет ғалымдар жасаған бірнеше тұжырымды келтіреді.
Газеттің «негізгі қорытындысына» сәйкес, Гитлер жыныстық жетілу мен жыныс мүшелерінің дамуына кедергі келтіретін генетикалық ауруға, яғни Каллман синдромына шалдыққан.
«Егер [Гитлер] өзінің генетикалық талдауының нәтижесіне қараса, өзін газ камерасына қамар еді», — деді зерттеу жетекшісі генетигі, профессор Тури Кинг.
Бұған қоса, ғалымдар Гитлердің таза австрилық неміс екенін оның жебірей туыстары болмағанын атап көрсеткен. Басылым осыған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Гитлердің бабалары жебірей болған» деген таратып, кейіннен жалған мәлімет үшін Ресей президенті Владимир Путиннің кешірім сұрауына тура келгенін жаза кеткен.
Бұдан бөлек, фюрер шизофрения, биполярлық бұзылу және аутизм спектрінің сынды генетикалық ауруларға шалдығуға бейім топқа жатқан. Алайда ғалымдар ДНҚ-ға жүгіне отырып, оның мұндай ауруы болғанын нақты дәлелдей алмады.
Зерттеуді британдық Channel 4 арнасы ұсынады. «Гитлердің ДНҚ: диктатордың жоспары» деректі фильмін осы сенбіде көруге болады.