Жаңалықтар

Орталық Азия қауіп-қатерге қарсы тұру әлеуетін қалыптастырып жатыр – Шавкат Мирзиёев

Шавкат Мирзиёев бұл туралы «Орталық Азия жаңа дәуірдің табалдырығында» атты мақаласында жазды / фото: Ақорда
Шавкат Мирзиёев бұл туралы «Орталық Азия жаңа дәуірдің табалдырығында» атты мақаласында жазды / фото: Ақорда

Орталық Азия елдерінің негізгі міндеттерінің бірі – ортақ қауіп пен сын-қатерге қарсы тұра алатын біртұтас әлеует қалыптастыру.

Газета ақпаратына қарағанда, бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қауіпсіздіктің «бөлінбестігі» қағидаты аймақтық ынтымақтастықтың негізі болуға тиіс. Сондай-ақ Ауғанстан бейбітшілік, ынтымақтастық және даму кеңістігінің ажырамас бөлігіне айналуы керек.

Өзбекстан президенті бұл туралы «Орталық Азия жаңа дәуірдің табалдырығында» атты мақаласында жазды. Мақала 16 қарашада Ташкентте өтетін аймақ елдері басшыларының жетінші кеңесші кездесуінің қарсаңында жарияланды.

«Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары, арнайы қызметтердің, қорғаныс және құқық қорғау органдарының басшылары деңгейінде тұрақты кездесулерді жалғастыру қажет», – деді президент.

Оның айтуынша, қауіпсіздіктің «бөлінбестігі» қағидаты басты бағдар болып қалуы керек.

«Сонымен қатар аймақтық ынтымақтастық халықаралық тетіктермен үйлесіп, елдер мен бүкіл өңірдің тұрақтылығын нығайтуға және қауіпсіздік қатерлерінің кең ауқымына қарсы тұруға бағытталған өз әлеуетін қалыптастыруы тиіс», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Ғаламдық белгісіздік дәуірінде тату көршілік, бірлік пен өзара қолдау – Орталық Азияның басты байлығы. Аймақ елдерінің жеке-дара еңсере алмайтын қауіпсіздік пен даму мәселелерін бірлескен күш-жігер арқылы тиімді шешуге болады», – делінген мақалада.

«Сенім мен әріптестікті нығайту – болашағын бейбітшілік, тұрақтылық және даму жолымен байланыстырып отырған миллиондаған адамның мүддесіне сай келеді. Бұл – біздің ортақ мекеніміз – Орталық Азияның игілігі үшін қажет», – деді Шавкат Мирзиёев.

Мұның алдында өзбек президентінің Ташкентте автобуспен қаланы аралап шыққанан жазған едік.