
Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы маңызды ойын алдында Бельгия ұлттық құрамасы Астанаға келді. Еуропаның ең мықты құрамаларының бірі бүгін түнде елорда әуежайына қонып, қонақүйге жол тартты.
Матч қашан өтеді?
Шешуші ойын 15 қараша күні сағат 19:00 де Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Екі команда да дайындықты бастап кетті. Бүгін қос команданың өкілдері баспасөз конференциясын өткізеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бельгия құрамасынан Тибо Куртуа, Кевин Де Брюйне, Ромелу Лукаку сынды жұлдызды ойыншылары қатыспайтынын жазған едік. Ал Қазақстан құрамасы сапында Дастан Сәтбаевтың аздаған жарақаты бар екені анықталған еді.