Жаңалықтар

Қазақстан мен Бельгия ойыны кезінде арнайы автобустар қатынайды

Қаладағы бес аялдамадан арнайы автобустар қатынайды/фото: CTS

Қазақстан мен Бельгия құрамалары арасындағы матч үшін Астанада арнайы автобустар қатынайды. Қала әкімдігінің хабарлауынша, автобустар қозғалысы сағат 16:00-де басталады.

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан және Бельгия ұлттық құрамалары арасындағы футбол матчы 15 қараша «Астана Арена» стадионында өтеді.

Шаттл-автобустар төмендегі аялдамалардан жолға шығады:

  • «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы
  • «Астаналық цирк» автотұрағы
  • «Бас Мешіт» автотұрағы
  • «Орталық саябақ» автотұрағы
  • «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы.

Әкімдік жанкүйерлерді өз ыңғайы мен қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануға шақырды.

14 қарашада Бельгия ұлттық құрамасы Астанаға келді