Жаңалықтар

Қазақстан – Бельгия матчын қайдан көруге болады

фото: ҚФФ

15 қараша күні Астана уақытымен 19:00-де елордада футбол жанкүйерлері көптен күткен ойын өтеді. 2026 жылғы әлем біріншілігі іріктеу кезеңінің 9-турында Қазақстан құрамасы өз алаңында Бельгияны қабылдайды.

Қыркүйек айында өткен бірінші ойында бельгиялықтар Талғат Байсуфинов шәкірттерінен 6:0 есебімен басым түскен еді. Қазіргі кезде бельгиялықтар J тобында көш бастап тұр. Бірде-бір матчта жеңілмеген жалғыз команда.

Ал Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді жеңіп, Солтүстік Македониямен тең ойнағанымен, әзірге тек 4-орында. Теориялық тұрғыда «жұлдызды» қарсыластарын қуып жетіп, топтың алғашқы екі орнына таласу мүмкіндігі бар. Дегенмен іс жүзінде бұл мүмкіндіктің жүзеге асуы өте қиын.

Матчты қайдан көруге болады

Астана аренада өтетін ойынға барлық билеттер сатылып кеткен. Ал өзге жанкүйерлер ойынның тікелей трансляциясын сағат 18:50-де QAZSPORT телеарнасынан көре алады.

Сондай-ақ, ойын күні қала әкімдігі жанкүйерлер үшін Астана аренаға дейін тегін автобустар ұйымдастырады.

Айта кетейік, бүгін 14 қараша күні Бельгия құрамасы Астанаға ұшып келгенін жазған едік. Алайда толық құраммен емес, «қызыл сойқаңдар» сапында бірнеше жұлдызды ойыншы мен бас бапкері Руди Гарсия Астанада өтетін ойынға қатыса алмайды.