
Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті қызметіне кандидат болуға ниетті екенін жария етті.
Francsjeux.com сайтына ақпаратынша, Геннадий Головкин рингке қайта оралады.
«Бұл жолы оның мақсаты – медаль емес, World Boxing президенті лауазымы», – деп жазады басылым.
«Бокс Олимпиада бағдарламасынан шығып қалу қаупінде болды. Ал мен бұған қарап үнсіз тұра алмадым», – дейді қазақстандық аңыз боксшы.
Айтуынша, ол әлемдік боксқа үлес қосқысы келеді. Президент болуға үміті бар екенін айтты.
«Біріншіден, спортшыларды тыңдай білуіміз және қорғауымыз керек. Екіншіден – федерация жұмысының ашықтығы. Біздің мақсат – боксты келесі Олимпиада ойындарына дейін күшейту. Инновациялар жауапты әрі прогрессивті болуы тиіс. Ең бастысы, адамды қорғауы керек. Технологиялар спортшыларға және әділдікке қызмет етуі тиіс, адамдарды алмастыру үшін емес», – дейді ол.
Мұның алдында Геннадий Головкин World Boxing президенттігіне өз кандидатурасын ұсынған болатын.