Жаңалықтар

Жігіттің тілін тістеп жұлып алған қыз не үшін бұлай жасағанын айтты

Ол қызды көліктен шығармай, тиісе бастаған / фото: 24 kg
Ол қызды көліктен шығармай, тиісе бастаған / фото: 24 kg

Бұған дейін Манаста 26 жастағы жігіттің тілі мен төменгі ерні жартылай жыртылған күйде ауруханаға түскені хабарланған еді.

24 kg ақпаратына қарағанда, ол жарақатты 18 жастағы қызбен сүйісу кезінде алған.

Қыз оқиғаның өз нұсқасын айтып берді. Сұхбаттасушының айтуынша, бұл өзін-өзі қорғау болған. Ол кешке құрбысымен және таныс жігітпен тойдан қайтып келе жатқан. Құрбысы көліктен түскен кезде, өзі де шықпақ болған. Алайда жігіт оны жібермеген.

Қыздың айтуынша, әуелде бәрі жақсы болған. Бірақ жігіттің мінез-құлқы кенет өзгерген. Ол қызды көліктен шығармай, тиісе бастаған. Айқайлап, жіберуін сұрағанына қарамастан, жігіт қорқытып, қоқан-лоқы жасаған.

«Мен айқайладым. Оны итердім. Бірақ ол тоқтамады, – деді қыз. – Ол сүймек болғанда қатты ашуланып, оны тістедім».

Қыздың айтуынша, ол бұл жігітпен ешқашан жүрмеген және араларында ешқандай қатынас болмаған.

Мұның алдында бұл оқиға туралы жазған едік.