
Биылғы қыс жылы болады деп болжанып отыр. Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болмақ.
Алайда синоптиктердің айтуынша, суық ауа толқындары, мол жауын-шашын және көкмұз қауіптері болуы да мүмкін.
«Қазгидромет» мәліметтері бойынша, желтоқсан айы жылы және орташа жауын-шашынды. Десе де, кей күндері қарлы боран, желді күндер, көктайғақ және тұман байқалуы мүмкін. Ауа температурасының ауытқуларын жиі болады. Жылы кезеңдер суық толқындарға ауысып отырмақ.
Желтоқсан айында
Желтоқсанның басында батыс және оңтүстік өңірлерде күндізгі температура 5–10°С шамасында. Салыстырмалы түрде жылы. Ал бірінші онкүндіктің соңында түнгі температура әртүрлі өңірлерде –12°С-тен –28°С-қа дейін, күндізгі температура –3°С-тен –18°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде ең қарқынды суық толқын күтіліп отыр. Ай бойы антициклон әсерінен ашық, аязды күндер болуы мүмкін. Сондай-ақ оңтүстік циклондардың өтуімен аралас жауын-шашын болуы ықтимал.
Қаңтар айында
Қаңтар айында елдің көп бөлігінде температура нормасына жақын болады. Шығыс өңірлерде сәл төмендеуі мүмкін. Қаңтар айы жауын-шашынды. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыс таулы және тау етегі аймақтарында нормадан жоғары болуы ықтимал.
Ақпан мен наурызда
Ақпан мен наурыз айлары жылы болады деп болжанып отыр. Жауын-шашын орташа мөлшерде. Алайда наурызда оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарда қарлы жауын-шашын күшеюі мүмкін.
Су тасқыны қауіптері күшеймек. Мол жауын-шашын, жылы кезеңдер және күннің күрт суытуы салдарынан қар мен топырақта мұз қабаты қалыптасуы мүмкін.
Мұның алдында синоптиктер Қазақстанға атлантикалық циклон келе жатқанын хабарлады.