Жаңалықтар

Еуропа назарында: UEFA Темірлан Анарбековтің видеосын жариялады

Темірлан Анарбеков
фото: ҚФФ

UEFA-ның ресми парақшасы қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбековтің ойынын ерекше атап өтті. Ұйым әлеуметтік желіде «The best goalkeeping performance. Temirlan Anarbekov masterclass 🇰🇿» деп жазып, қақпашының әсерлі сейвтерінен құралған видеоны жариялады.

Еске сала кетейік, 15 қараша күні Қазақстан құрамасы Бельгиямен тең түскен еді. Бұл ойында Анарбеков керемет ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлердің де, халықаралық футбол сарапшыларының да назарын өзіне аударған еді.