Жаңалықтар

56 мың халқы бар: Қазақстан құрамасы Фарер аралдарынан ұтылып қалды

фото: ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасы 18 қараша күні өткен халықаралық жолдастық ойында Фарер аралдарына 0:1 есебімен есе жіберді. Кездесу Хорватияда бейтарап алаңда өтті.

Ойынның жалғыз голы бірінші таймда соғылды. 25-минутта алаң иелері сапынан Кнудсен дәл соққысымен есепті ашты.

Екінші таймда екі команда бірқатар ауысым жасады. Қазақстан сапынан 63-минутта Оразов пен Өміртаев ойынға кірді. Ойын қарқыны артқанымен, гол соғуға мүмкіндік болмады. Матч соңына қарай тағы бірнеше тактикалық ауысым орын алды, алайда нәтижеге әсер еткен жоқ. Осылайша кездесу 1:0 есебімен Фарер аралдарының пайдасына аяқталды.

Бұл ойын жаңа құрамды сынау әрі тактикалық шешімдерді тексеру мақсатында ұйымдастырылған жолдастық матч болғанымен, Қазақстан үшін сабақ боларлық нәтиже ретінде есте қалды.

Айта кетейік, бұл ойынға «Қайрат» футбол клубының ойыншылары қатыспады. Алматылық футболшылардың Хорватияға не үшін бармағанын бұған дейін жазған едік.