Жаңалықтар

Алаяқтар үй аралауға көшті – министрлік сақ болуға шақырды

Министрлік сақ болуға шақырды/фото ЖИ көмегімен жасалған, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Оқу-ағарту министрлігі ведомство атынан үй аралағандарға қатысты мәлімдеме жасады.

«Желіде өзін оқу-ағарту министрлігі қызметкерлері деп таныстырған адамдардың үйлерді аралап жүргені туралы хабарлама мен видеолар тарап жатыр. Министрлік қызметкерлері үй аралап, жеке дерек немесе басқа да ақпарат жинамайды», – делінген ақпаратта.

Министрлік құжат пен дерек талап еткен, үйге кірмек болғандардың министрлікке қатысы жоқ екенін, олардың алаяқ болуы мүмкін екенін ескертті.

«Олардың заңсыз әрекеті үшін министрлік жауап бермейді. Қырағылық танытып, мұндай жағдай болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз», – деп ескертті министрлік.

Айта кетейік, жыл басынан бері елде  16 500-ден астам интернет алаяқтық дерегі тіркелген. Киберқылмыскерлермен сөйлескен азаматтар жалпы 34 млрд теңгесінен айырылған.