Жаңалықтар

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

фото: instagram

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Дохада өткен UFC Fight Night турнирінде жеңіске жетті. Қазақстандық файтердің қарсыласы – 2020 жылы UFC чемпионы атағына таласқан америкалық Алекс Перес болды.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, шешуші сәт соңғы раундта орын алды. Алғашқы екі бес минуттықта қарсыласу тең дәрежеде өтті. Алайда үшінші раундтың басында Алмабаев қарсыласын айналып теуіп, басына бағытталған әсерлі соққымен есеңгіретті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, дереу тұрғанда тұншықтыру әдісімен, қарсыласын берілуге мәжбүрледі. Перес қолымен берілу белгісін көрсеткен соң, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

31 жастағы Асу Алмабаев UFC-дегі екінші қатарынан жеңісіне қол жеткізді. Оның кәсіби көрсеткішінде бүгінде 23 жеңіс және 3 жеңіліс бар.

Ал 33 жастағы Алекс Перес қатарынан екінші рет жеңіліс тапты. Америкалық спортшының жалпы рекорды 25 жеңіс, 10 жеңіліс.

Асу Алмабаев енді чемпиондық белбеу үшін таласуы мүмкін.