Жаңалықтар

ҰҚК құрылыс материалдары арасына жасырынған шетелдіктерді ұстады

Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды/фото: egov.kz

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің шекара қызметі Ақтөбе облысы «Жайсаң» автокөлік өткізу пунктінде он шетелдікті анықтап, оларға қатысты тергеу басталды.

23 қарашада жүк көлігін тексеру барысында шекара жасағы құрылыс материалдары арасына жасырынға 10 шетелдік азаматты тапқан.

Оларға қатысты қылмыстық кодекстің 24 (қылмыстық дайындалу және қылмыстық оқталу) және 394-баптары (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ ҰҚК осындай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертіп, азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту схемаларына қатыспауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады. Олар Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген.