Банк пен қаржы

Парламент үш жылдық бюджетті бекітті: не өзгереді

Парламент үш жылдық бюджетті бекітті: не өзгереді / shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Парламент Қазақстанның үш жылдық бюджетін бекітті. Бұл 2026 жылдан бастап 2028 жылға дейінгі кірістер мен шығыстар туралы жазылған елдің негізгі қаржылық құжаты.

Бір апта бұрын Сенат Мәжіліс қабылдаған үш жылдық бюджет туралы заңды қарастырып, оның кейбір баптарын мақұлдамай, құжатты пысықтауға қайтарған. Сенаторлар 76 түзету енгізуді ұсынды. Олар негізінен сомаларды нақтылауға — ведомстволарды қаржыландыруды ұлғайтуға, азайтуға немесе жекелеген бағдарламаларға шығындарды түзетуге қатысты болды.

Бүгін Мәжіліс депутаттары ұсынылған өзгерістермен келісіп, заң президенттің келісіміне жіберілді.

Кіріс-шығыс

Құжатта мемлекет жыл сайын көбірек қаржы жұмсайтыны көрсетілген. Жыл сайын шамамен 1 триллион теңгеге көп. Шығындар келесідей болады:

  • 2026 жыл – 27,7 триллион теңге;
  • 2027 жыл – 28,7 триллион теңге;
  • 2028 жыл – 29,7 триллион теңге.

Алайда мемлекеттың табысы шығынынан аз болады. Елдің кірістері (трансферттерді есептемегенде) келесідей:

  • 2026 жыл – 19,2 триллион теңге;
  • 2027 жыл – 21,2 триллион теңге;
  • 2028 жыл – 23,2 триллион теңге.

Яғни, жыл сайынғы шығын кірістер әлдеқайда төмен болмақ. Үкімет бюджеттегі бұл айырмашылықты трансферттер мен басқа көздер арқылы жабады. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қордан 2026-2028 жылдарға арналған ел бюджетіне кепілдендірілген аударым жыл сайын 2,7 триллион теңгені құрайды.

Мемлекет ақшаны қайдан алады

Бюджеттің негізгі бөлігі – азаматтардан, бизнестен, ірі компаниялардан түсетін салық: ҚҚС, табыс салығы, корпоративтік салықтар мен ірі мүлік сату-сатып алу кезінде төлейтін ақы. Бұл қаржыға зейнетақы, жәрдемақы, бюджеттің және мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы төленіп, басқа да бағыттарға жұмсалады.

АЕК және ең төменгі жалақы

Сондай-ақ, бюджет жобасында негізгі көрсеткіштер – АЕК, ең төменгі жалақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі айқындалады. Бұл соммалар бекітілгеннен кейін зейнетақы, жәрдемақы, айыппұл және басқа төлемдердің көлемі қайта қаралады.

Мемлекеттік қарыз

2026 жылдан 2028 жылға дейін Қазақстанның мемлекеттік борышы өседі. Мұның себебі – «әлеуметтік және инфрақұрылымдық шығындарды қаржыландыру, сондай-ақ инфляциялық қысымды тежеу қажеттілігі».

Мемлекеттік борыштың болжамды көрсеткіштері:

  • 2026 жыл – 46,4 триллион теңге;
  • 2027 жыл – 52,5 триллион теңге;
  • 2028 жыл – 57,5 триллион теңге.