
«Қайрат» – «Олимпиакос» матчының билеттері 28 қараша күні сатылымға шығады. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы мәлімдеді.
Айта кетейік, аталмыш ойын 9 желтоқсан күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Клуб билеттер бағасын арзандатқан еді. Енді оның құны 15 000 – 50 000 теңге аралығында болады.
Билетті Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшалары арқылы сатып алуға болады. Әр жанкүйерге екі билеттен артық алуға рұқсат етілмейді.
Кеше, 26 қараша күні, «Қайрат» Чемпиондар Лигасының сырт алаңдағы ойынында Данияның «Копенгаген» клубына қарсы матчта есе жіберді. Алайда жас шабуылшы Дастан Сәтбаев гол соғып, екі бірдей рекорд орнатты.
Ал грекиялық «Олимпиакос» болса өз алаңында, «Реал Мадрид» командасымен ойнап, 3-4 есебімен жеңілді.