Жаңалықтар

Тұман, жауын-шашын және көктайғақ: 29 қарашаға арналған ауа-райы

ауа райы күз жаңбыр жауын-шашын
Күзгі жаңбыр мен тұман: 29 қарашаға ауа райы болжамы / фото: shutterstock

29 қараша күні Қазақстанның бірқатар аймақтарында қолайсыз ауа райына байланысты 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидрометтің» мәліметінше, елдің солтүстігі, батысы, шығысы және оңтүстігінде тұман, жауын-шашын, көктайғақ және бұрқасын байқалады.

Атырау облысында түнде және таңертең солтүстік, батыс және оңтүстік аумақтарда тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Орал қаласында да дәл осындай жағдай болжанып отыр.

Абай облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және орталық аумақтарда қар, төмен бұрқасын және көктайғақ болады. Оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Семейде түнде көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік пен оңтүстікте тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Өскеменде де түнде көктайғақ болуы ықтимал.

Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысында түнде және таңертең солтүстік, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман болады.

Жамбыл облысында 29–30 қараша күндері тұман жиі байқалады. Таулы аймақтарда жел 15–20 м/с-қа күшейеді. Таразда да екі күн бойы тұман күтіледі.

Солтүсті Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ және тұман болжанады. Петропавлда да осындай ауа райы тіркеледі.

Қостанай облысында өңірдің батысы мен солтүстігінде көктайғақ, солтүстігі мен шығысында тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысында күндіз қар мен бұрқасын күтіледі, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде тұман болады.

Ақмола облысында тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда күндіз көктайғақ болады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында 29–30 қараша күндері түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл маңында жел 17–22 м/с-қа дейін күшейеді.